Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл

2021 жылғы 3-10 желтоқсан аралығында Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай Қазақ тілі мұғалімдеріне арналған қалалық онкүндік өткізілді. 2021 жылғы 9 желтоқсандағы онкүндік аясында Қостанай қаласының №2 мектеп-лицейі жалпы білім беретін оқу орындары арасында М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған поэзия, проза мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырды. Бұл байқауға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исмагулова Арайлым Елдосқызы қатысып, 2 орын алды. Сонымен қатар, № 1 мектеп-лицей Қостанай Жас мамандар арасында "Жыр құлагері – Мұқағали Мақатаев"тақырыбында қалалық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге Қазақ тілі мұғалімі Серкебай Меруерт Сағдатқызы қатысып, сертификатпен марапатталды.