ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН «БУКТРЕЙЛЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

✅ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН «БУКТРЕЙЛЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

▫️«Буктрейлер» республикалық байқауы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бастамасымен өтеді.

◾️Ұлттық институт ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Арзу Саликованың айтуынша, байқау Халықаралық балалар кітабы күніне арналған.

💬«Шығармашылық сайыс балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Байқауға жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының сүйікті кітаптары туралы бейнероликтер қабылданады», — дейді Арзу Саликова.

❕Естеріңізге сала кетейік, байқауға қатысу үшін сайыскерлер Instagram желісіндегі жеке парақшасында институттың @orken_instituty аккаунтын белгілеп, #читаемвместесөркен#өркеноткрытаякнига хэштегімен бейнеролик орналастыру қажет.