«Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі»

Қостанай дарыны жоспары негізінде 2023 жылғы 17 қарашада «Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Фестивальдің мақсаты- педагогтердің шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Бұл байқауға мектептің педагог-психологы Кристина Юрьевна Фоминых қатысып, 1 жүлделі орынға ие болды.