Ағылшын тілі бірлістігінің апталығы
2024 жылдың желтоқсан айында МӘБ ағылшын тілі мұғалімдерінің жоспарына сәйкес мектепте ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Барлық іс-шаралар жыл сайын мектеп оқушыларын ағылшын тілі пәніне ынталандыру мақсатында өткізіледі. Ағылшын тіліндегі пәндік апталықтардың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы зор. Пән бойынша сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар ағылшын тілін білуді кеңейтеді және тереңдетеді, мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамытады. Мектеп оқушылары алған дағдылары мен машықтарын сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша практикалық қолдануда көрсетті.
