Ата-аналар жиналысы
Мектеп директорының міндетін атқарушы М. Бейсенбеков ата-аналарды Қостанай облысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың статистикалық деректерімен таныстырды.
Педагог-психолог Н.О. Ткачук балалар мен жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесінің негізгі аспектілерін, шекараларын, қарым-қатынас шеңберін, мінез-құлық ережелерін және балалардың жыныстық қауіпсіздік ережелері туралы айтты.
К.Ю. Фоминых отбасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар берді, бейнероликтерді көрсетті, талқылап, қорытынды жасады. Олар сондай-ақ түрлі жағдаяттарда ата-аналар өз-өздерін қалай ұстайтыны туралы өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп,талқылау жасады.
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай қаласының №3 емханасы» КМК педиатр дәрігері З.С. Саутбекова ата-аналармен әңгімелесу өткізіп, балаларға жыныстық тәрбие беру бойынша ұсыныстар берді.
Әлеуметтік педагог А.Р. Исмайылова «Кәмелетке толмағандар арасында қорқытудың алдын алу» тақырыбында сөз сөйледі.
Бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысының соңында сенім телефондары мен ұсынымдар берілді.
