5 қазан – Ұстаздар күні қарсаңында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нұрбекова Айнұр Жомартқызы «Алау» телеканалында қонақта болып сұхбат берді. Айнұр Жомартқызы ұстаздар отбасында тәрбиеленіп алғашқы еңбек жолын өзі білім алған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде бастаған. Үш буынды құрайтын бұл отбасында 7 мұғалім шыққан: Әулеттің бәйтерегі атасы Қазымбек Нұрбекұлы – қазақ тілі мен әдебиеті, әкесі Жомарт – тарих, анасы Сәуле – математика, немерелері Айнұр – қазақ тілі мен әдебиеті, Азамат – информатика, келіні Ботагөз – физика, Бибінұр – қазақ тілі мен әдебиеті, Балнұр – биология пәнінің мұғалімдері. Ата-ананың жолын жалғап, бар саналы ғұмырын білім беру ісіне арнаған ұстаздар династиясының жалпы еңбек өтілі 160 жылды құрайды.