​📌 ҰБТ 📌


Бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық аясында және білім беру үдерісіне қатысушылардың барынша хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 13 қарашада мектепте Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) өкілдерімен маңызды кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – ҰБТ-ны өткізу және ұйымдастырудың негізгі аспектілері бойынша кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

Кездесу барысында ҰТО өкілдері тестілеу форматының өзекті өзгерістері, тіркеу рәсімі, бейіндік пәндерді таңдау және ҰБТ нәтижелерін Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу кезінде пайдалану туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар академиялық адалдықты сақтау, тестілеу өткізу пункттеріндегі тәртіп ережелері мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Түлектер өздерін толғандырған төмендегі маңызды сұрақтарға толық жауап алды:
* ҰБТ өткізу мерзімдері;
* Нәтижелерге апелляция беру тәртібі;
* Дайындық үшін ҰТО платформасында онлайн сынақ тестілеуден өту мүмкіндігі;
* Грант алу тәртібі және ақылы негізде оқу мүмкіндіктері.