Бүгін біздің мектептің педагогтары арасында қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша зияткерлік ойын өтті! Мұғалімдер мектепте оқыған жылдарын еске түсіріп, өздерін ұшқыр ойларымен ерекшелеп көрсете білді! Екі команда: «Логос» командасы мен «Пушкиндер» командасы бақ сынасты. «Пушкиндер» командасы ең көп ұпай жинады. Қатысушыларға сыйлықтар табысталды! Барлық педагогикалық ұжымға осындай ойындарды өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз, жұмыста шығармашылық табыс тілейміз!