«Мен дене шынықтыруды үйретемін»
«Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 25 тамыздан 23 қазанға дейін «Мен дене шынықтыруды үйретемін» облыстық байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Байқауға дене шынықтыру пәні мұғалімі Шарунова Л.Г. қатысып, «Әдістемелік материалдар» номинациясы бойынша 3 орынға ие болды.
