Жаңа жылдық шырша


25 желтоқсанда Жастар сарайында облыс әкімі Қ.І.Ақсақаловтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің атынан облыстық Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.
Іс-шара жарқын жаңа жылдық мерекеге айналып, мемлекет тарапынан көрсетілген ерекше қамқорлық пен қолдаудың маңызды белгісі болды. Ол өскелең ұрпақтың жетістіктері мен табыстарының маңыздылығын айқындай түсті. Мереке балаларға қуанышты көңіл күй, ертегідегідей әсер мен ұмытылмас әсер сыйлады.