А. Байтұрсыновқа 150 жыл

2022 жылдың 21-25 ақпан аралығында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған қалалық білім беру ұйымдарының арасында «Қазақ тілінің атасы-Ахмет» апталығы өтті. Апталықтың аясында бірнеше іс-шаралар өтті.
Апталықтың қорытындысы бойынша:

  1. «Ахмет Байтұрсыновтың «ҚЫРЫҚ МЫСАЛЫНА» саяхат «Суреттер сөйлейді» суреттер байқауында 2 Б сынып оқушысы Нукешова Амина, 4 В сынып оқушысы Адуевская Джамиля – 3 орынға ие болды, жетекшісі Курмангалиева Б.А; 6 сынып оқушысы Петрунина Алина – 2 орынға ие болды, жетекшісі Оспанова А.А;
  2. «Қазақ тілінің атасы – Ахмет» атты апталықта эссе жазу байқауында 11 сынып оқушысы Калиева Көркем – 3 орынға ие болды, жетекшісі Бердыгужинова А.К;
  3. Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай өткізілген «Дәуірде із қалдырған тұлға» атты қалалық қашықтық олимпиадада 5 А сынып оқушысы Бочко София - 3 орынға ие болды, жетекшісі Елеусизова А.С.