​«Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің пәндік онкүндігі».

2026 жылғы 13 сәуір күні бастауыш сыныптар апталығының «Еңбекқорлық және кәсібилік» атты ашылу салтанаты өтті.
Апталықтың мақсаты — сабақтан тыс уақытта оқушылардың белсенді, зияткерлік және эмоциялық тұрғыдан мазмұнды демалысын қамтамасыз ету, әрбір баланың қабілетін ашуға жағдай жасау, дарынды, еңбекқор, шығармашыл және белсенді балаларды анықтау.
Таңертең мұғалімдер оқушыларды салтанатты түрде, музыкалық сүйемелдеумен қарсы алды. Сонымен қатар, қызықты жұмбақтар мен тәтті сыйлықтары бар «білім аралы» ұйымдастырылды.
Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің жетекшісі — Апрелова О.А.