«Бірге оқимыз! Дауыстап оқимыз!»
Оқу қызық! Ал дауыстап оқу екі есе қызықты! Шынында да, дауыстап оқығанда біз өз эмоцияларымызды басқалармен бөлісеміз, оларға оқығанымызды көңіл-күйіміз бен сезімдеріміз арқылы жеткіземіз.
Дүниежүзілік дауыстап оқу күніне арналған акция аясында мектепте «Бірге оқимыз! Дауыстап оқимыз!» атты іс-шара өтті.
Шараға белгілі қостанайлық ақын, прозаик, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, тәжірибесі мол ұстаз Суслова Александра Ильинична шақырылды. Қонақ кішкентай оқырмандарға өз кітаптарының сюжеттерінің шығу тарихы туралы айтып берді, балалардың сұрақтарына жауап берді. 2-4-сынып оқушылары Александра Ильиничнаның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.