«Таза Қазақстан»

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: МЕКТЕП ТАЗАЛЫҒЫ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында мектеп аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Қалың қар жауғаннан кейін мектеп ауласы, жаяу жүргіншілер жолдары мен кіреберіс аймақ бірлескен күшпен қардан тазартылды.
Аталған іс-шара қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға, тазалық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ мектеп аумағында қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға бағытталды.