«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары Республикалық конкурсы қалалық кезеңінің қорытындылары туралы

📚📚📚2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары Республикалық конкурсы қалалық кезеңінің қорытындылары туралы

🗓2023 жылғы 26 қазанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математика лицейі» КММ базасында ерте мектеп жасынан бастап оқушылардың зияткерлік шығармашылығын дамыту мен қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау үшін 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары Республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті.
📝Байқауға 561 зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары ұсынылды. Қазылар алқасы 2-4 және 5-7 сынып оқушыларының жас санаттары үшін жүлделі орындарды бөлек берді. 250 зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың авторлары жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде бірінші орын - 24, екінші орын - 93, үшінші орын - 133.
Құзыретті қазылар алқасы - ҚӨУ, ҚСТУ, ЧелМУ жоғары оқу орындарының және Қостанай қаласының медицина колледжінің оқытушылары – екі жас санаты - 2-4 және 5-7 сыныптар бойынша жобаларды бағалап, жүлделі орындарды марапаттады.
Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша біздің мектепте 6 жүлделі орын бар:
Зуенко Ярослав -3 орын, жетекшісі Жарасбекова Д. Т.,
Луценко Элина - 3 орын, жетекшісі Ткачук Н.О.,
Аласханова Ясмина -3 орын, жетекшісі Хасенова А. К.,
Есмұрат Айару-3 орын, жетекшісі Ибрашева Г. Р.,
Мащенко Роман - 3 орын, жетекшісі Сабанова Б. А.,
Зинченко Елизавета - 3 орын, жетекшісі Вяжевич А. В.

Жүлдегерлер мен олардың ұстаздарын құттықтаймыз!