Таза Қазақстан

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында мектебімізде сенбілік өтті!
Мұғалімдер мен оқушылар мектеп аумағын тазалауға бір кісідей атсалысты: ауладағы қоқысты, құрғақ жапырақтарды жинап, гүлзарларды ретке келтірді. 🌿
Мұндай іс-шаралар қаламызды таза әрі көрікті етіп қана қоймай, жас ұрпақтың еңбексүйгіштік қасиетін және қоршаған ортаға деген қамқорлығын қалыптастырады. 💚